Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Есет батыр атындағы мектеп-бақша" КММ
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"Есет батыр атындағы мектеп-бақша" КММ
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

 «Теңге – тәуелсіздігіміздің нышаны»
15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай Есет батыр атындағы мектеп-бақшада  іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға ұлттық валютамыз – теңгенің тарихы мен маңызын таныту, қаржылық сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға және ел тәуелсіздігінің символдарын қадірлеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында ұлттық валюта тарихына арналған көрме ұйымдастырылып, оқушылар теңгенің шығу тарихы, алғашқы банкноттар мен монеталар туралы мәліметтермен танысты.
Сонымен қатар оқушылар арасында түрлі ойындар мен қызықты тапсырмалар өткізіліп, білімдерін сынап, тапқырлықтары мен қаржылық сауаттылықтарын көрсетті. Оқушылар белсенділік танытып, танымдық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Теңге – жай ғана ақша белгісі емес, ол – еліміздің егемендігі мен экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі!
Ұлттық валютамызды құрметтеу – Тәуелсіздігімізді құрметтеу!