Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Есет батыр атындағы мектеп-бақша" КММ
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"Есет батыр атындағы мектеп-бақша" КММ
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мектеп пен ата-ана – бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арқалаған екі маңызды орта. Осы мақсатта мектебімізде “Жауапты ата-ана - қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, І тоқсанның қорытындысы шығарылып, білім мен тәрбие бағытындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Жиналыстың күн тәртібінде төмендегідей маңызды мәселелер қарастырылды:
І тоқсан қорытындысы – оқу үлгерімі мен білім сапасының нәтижелері, алдағы міндеттер туралы оқу жұмыстары жөніндегі орынбасар Мадетхан Д. баяндама жасады.
«Ерте жүктіліктің алдын алу» – мектеп медбикесі Сапарова А.Ш. жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, репродуктивті сауаттылық және салауатты өмір салты жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті.
«Бала қауіпсіздігі. Құқықбұзушылықтың алдын алу» – Алға аудандық полиция бөлімі, Есет батыр ауылдық учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ыбырай Е.С. балалардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелеріне тоқталды.
«Тәрбие – ортақ міндет» – тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасар Тоқтар Е.А. мектептегі тәрбие жұмыстарының барысы, оқушылардың сабаққа қатысуы, кешігу, мектептегі тәртіп пен мектеп формасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс барысында бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс пен өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Бала тәрбиесі – бір адамның емес, баршамыздың ортақ міндетіміз!
Білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін мектеп пен отбасы бір бағытта, бір мақсатта жұмыс істеуі қажет. Өйткені баланың жарқын болашағы – бүгінгі ортақ еңбегіміздің нәтижесі!